АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Армения мен Әзірбайжан арасындағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.
"Америка Құрама Штаттары Армения-Әзірбайжан шекарасындағы қақтығыстар, соның ішінде Армения аумағындағы елді мекендер мен азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдардың орын алғанына алаңдаушылық білдіреді", – деді Америка дипломатиясының басшысы.
"Біз бұған дейінгі ұстануымыздан бас тартпаймыз және қақтығыстың әскери шешімі болуы мүмкін емес екенін қайталап айтамыз", – деп қосты ол. – Біз кез-келген әскери әрекетті дереу тоқтатуға шақырамыз".
Армения мен Әзірбайжан сейсенбіде шекарадағы ірі қақтығыстар туралы хабарлады, нәтижесінде Әзірбайжан әскерилері қаза тапты.
"13 қыркүйекте сағат 00:05-те Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері Горис, Сотка және Джермук бағытында артиллерия мен ірі калибрлі зеңбіректерден армян позицияларын қарқынды атуды бастады. Қарсылас дрондарды да қолданған", – делінген Армения Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі өз кезегінде Арменияны шекарадағы Дашкесан, Кельбаджар және Лачин аудандарында "ауқымды диверсиялық әрекеттер" жасады деп айыптап, оның әскери позицияларына "оқ атылды, соның ішінде траншея минометтерінен" деп хабарлады.
Әскери қызметкерлер арасында қаза тапқандар бар.
Динара Мұрат