Блинкен: Израильдің әрекетінен "тым көп палестиналық" қаза тапты

529

Мемлекеттік хатшы бейбіт тұрғындарды қорғау үшін тағы да шара қабылдау керектігін айтты.  

Блинкен: Израильдің әрекетінен "тым көп палестиналық" қаза тапты Фото: AP

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильдің Газа секторындағы ХАМАС тобына қарсы шабуылынан қаза тапқан палестиналықтар саны тым көп екенін, бейбіт тұрғындарды қорғау үшін тағы да шара қабылдау керектігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз оларға зиян келтірмес үшін қолдан келгенді жасағымыз келеді", – деді ол.

Еске сала кетсек, Таяу Шығыстағы жағдай 7 қазанда күрт шиеленісіп кеткен болатын. Осы күнге дейін қақтығыс салдарынан 11 025 палестиналық, 1400-деп астам Израиль азаматы ажал құшты. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу