Блинкен Киевке екі күндік іс-сапарға барды

179

Блинкен украиналық шенеуніктер мен белсенділермен кездесіп, оларға қолдау көрсетпек. 

Блинкен Киевке екі күндік іс-сапарға барды Фото: img4.eadaily.com

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Америка президенті Джо Байден әкімшілігінің Украинаны қолдауға деген адалдығын көрсету үшін Киевке күтпеген сапармен барды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Блинкен сейсенбіде Киевке ЕО-ның жарияланбаған дипломатиялық миссиясымен барып, Байден әкімшілігінің Украинаның қорғанысы мен ұзақ мерзімді қауіпсіздігіне деген адалдығын атап өтеді", - деп хабарлайды Associated Press агенттігі америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Блинкен екі күндік сапары кезінде кездесетін украин шенеуніктері мен белсенділеріне қолдау барын жеткізіп, жүректеріне сенім ұялатпақ.

Бұған дейін Блинкеннің сапарын Politico газеті жариялаған болатын.

Байден бұрын АҚШ Конгресі қабылдаған Вашингтонның одақтастарына, соның ішінде Украинаға, Израиль мен Тайваньдағы әкімшілікке сыртқы көмек туралы заң жобасына қол қойды. Атап айтқанда, Украинаға көмекке шамамен 61 миллиард доллар жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу