Блинкен Киевке ресейлік кәсіпкерлердің тәркіленген қаражатын беруге уәде берді

501

Ресей Федерациясы кәсіпкерлерінің санкцияларға ұшырап тәркіленген қаражаты Киев режимін қолдауға жұмсалады.

Блинкен Киевке ресейлік кәсіпкерлердің тәркіленген қаражатын беруге уәде берді Фото: eadaily

Мұндай мәлімдемені Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевте бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне сөйлеген сөзінде жасады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз алғаш рет Украинаның әскери ардагерлерін қолдау үшін ресейлік олигархтардың тәркіленген активтерді Украинаға береміз", — деп уәде берді Мемлекеттік департамент басшысы.

Мемлекеттік департаменттің хабарламасында шамамен бес жарым миллион доллар берілетіні айтылған. Түскен қаражатты соғыстан зардап шеккен әскерилерге арналған оңалту бағдарламаларына жұмсау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу