Блинкен мен Лавров бірлесе жұмыс істеуге дайын

574

Қос дипломат Исландияда кездесті. 

Блинкен мен Лавров бірлесе жұмыс істеуге дайын

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 19 мамырда алғаш мәрте кездесті. Олар қырғи қабақ соғыс кезінде қарсылас болған қос мемлекет арасында келіспеушіліктердің бар екенін айтып, десе де бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Арада келіспеушіліктердің бар екендігі құпия емес", – деді Блинкен. Ол Вашингтон Ресейдің агрессивті әрекеттеріне жауап беретіні тілге тиек етіп, егер Ресей мен АҚШ басшылары бірлесіп жұмыс істесе, әлемге төнетін қауіп аз болатынын алға тартты.
Рейкьявикте өткен бұл кездесуде Лавров та Ресей мен Америка Құрама Штаттары арасында келіспеушіліктердің бар екенін айтып, қос елдің мүдделері қиысатын  салаларда ынтымақтастық орнатуы керектігін жеткізді. 

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды тұлғалары бұл кездесуде айтарлықтай серпіліс болмағанын атап өтті. Бірақ, олардың айтуынша, дипломаттардың басқосуы екі ел арасындағы қарым-қатынас үшін жақсы бастама болғанын жасырмады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу