Блогер 68-қабаттан құлап кетті

603

30 жастағы жігіт Гонконгтағы Tregunter Tower жоғарғы қабатындағы пентхаус шатырынан құлап қаза тапты. 

Блогер 68-қабаттан құлап кетті Фото: instagram.com/remnigma

“Enigma” атымен танымал франциялық блогер Реми Лучиди Гонконгта 68-ші қабаттан құлап, опат болды, деп хабарлайды The Sun басылымы.

Видеобақылау камерасына кадрынан Лучидидің лифтпен 49-қабатқа, кейін баспалдақпен жоғарыға көтеріліп бара жатқаны жазылып қалған. 

Полицейлер ол пентхаустан тысқарыда тұзақта қалып қойып, елді көмекке шақырды деп болжап отыр.

Оқиға орнынан ер адамның камерасы табылды. Оған басқа да қауіпті трюктердің видеосы түсірілген.

Лучиди Instagram-дағы оқырмандарына қиын трюктер жасаған әсерлі видеоларын жиі бөлісіп отырған. Болгария, Колумбия, Франция, Дубай және Польшадағы биік ғимараттарға шығып, танымал болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу