Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов "Блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Блогерлерге қатысты айтар болсам, олар рақымшылыққа ілікпейді. Бұл қылмыстық жауапкершіліктен босатуға да, жазалау мерзімін қысқартуға да қатысты. Бұл бапқа амнистия қолданылмайды", – деді Санжар Әділов Сенат кулуарында.
Айта кету керек, бұған дейін атышулы блогерлер Жанабыловтарға қатысты сот үкімі шыққанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу