Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер мемлекеттік қызметшілерге берілді

405

Сауда-саттық 7 шілдеде сағат 10:00-де өтті. 

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер мемлекеттік қызметшілерге берілді Фото: Бейнежазбадан

Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова бұған дейін ұтысқа саламыз деп уәде берген, кейін тәркіленген көліктер сатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Электрондық сауда қорытындысы бойынша барлық көлік мемлекеттік органдарға берілді.

E-Qazyna мемлекеттік мүлік порталы арқылы сегіз Hyundai Elantra автокөлігі сатылды.

Платформа мәліметінше, бұл көліктер құрылтайшысы Эльмира Төлегенова болып табылатын "Zhana Business" ЖШС атына тіркелген.

Сауда-саттық 7 шілдеде сағат 10:00-де өтті. Кейбір көліктердің бастапқы құны шамамен 8,4 млн теңгені құрады. Дегенмен, оларды тек мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, соның ішінде әлеуметтік және білім беру ұйымдары ғана сатып ала алды.

Сонымен қатар, 8 шілдеде блогерлер өз оқырмандары арасында ұтысқа салған 17 дана iPhone 16 смартфоны бойынша сауда-саттық өтеді.

Оларды да E-Qazyna мемлекеттік мүлік порталы арқылы сату жоспарлануда.

Сатушы ретінде Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті әрекет етіп отыр. Бастапқы құны – 484 990 теңге, ал кепілдік жарнасы – 72 749 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу