Блогер желіде нүкте жариялағаны үшін 12 жылға сотталды

278

Иранда нүкте және басқа да жалғыз таңбаларды оппозиционерлер елдегі режиммен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады екен.

Блогер желіде нүкте жариялағаны үшін 12 жылға сотталды Фото: HosseynShanbehZaadeh Twitter

Иранда блогер Хоссейн Шанбехзаде Twitter-де нүкте жариялағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бұл постын елдегі режимге қарсы шығу деп тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Iran International-ға сілтеме жасап.

Оппозициялық блогер Хоссейн Шанбехзаде Иранның жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің постына нүкте қалдырған жауабы үшін кінәлі деп танылды. Оның жауабы аятолла Хаменеидің жазбасынан екі есе көп лүпіл жинады.

Иранда нүкте және басқа да жалғыз таңбаларды оппозиционерлер елдегі режиммен келіспейтінін білдіру үшін жиі қолданады екен.

Тұтқынға алынғаннан кейін Шанбехзаденің Twitter аккаунты жойылды, бірақ оның есімі желіде парсы тіліндегі ең танымал болып саналады. 

Шанбехзадеге "Израильді қолдап үгіт-насихат жүргізгені үшін" бес жыл, "исламдық қасиетті орындарды қорлағаны үшін" 4 жыл, "жалған ақпарат таратқаны үшін" 2 жыл және "мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін" тағы бір жыл берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу