Блогерлердің салық төлеген не төлемегені қалай бақыланады?

350

Қазақстанда инфобизнес қалай дамып жатыр?

Блогерлердің салық төлеген не төлемегені қалай бақыланады? Фото: kp.ru

Қазақстанда ақпараттық бизнес белсенді дамығалы блогерлер өздерінің онлайн курстарын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сатып жүр. Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер өз қызметін салық комитетіне тіркеу міндеттелгенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, блогерлерге салықтық бақылау орнатылған. Оның аясында мониторинг тұрақты негізде мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

– салық органдарында тіркеу мәселелері бойынша;

– кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірісті төмендету мәселелері бойынша іс жүргізу.

"Бақылау шаралары барысында әр түрлі ақпарат көздері, оның ішінде мемлекеттік және өзге де органдардың, халықаралық келісімдер аясында шет мемлекеттердің салық қызметтерінің мәліметтері пайдаланылады. Бұдан басқа, мемлекет уәкілетті және өзге де органдарға салықтық әкімшілендіру ауқымында салық органдары үшін қажетті мәліметтерді алуға жәрдемдесу бөлігінде міндет жүктелді. Бұзушылық анықталған жағдайда камералдық бақылау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша хабарламалар жіберіледі", – деп нақтылайды комитеттен.

Хабарламалар орындалмаған кезде салық органдары салықтық тексерулерді тағайындауға құқылы.

"Жалпы, біз барлық блогерді салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырамыз. Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалуда және салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындаудың әртүрлі ыңғайлы тәсілдері бар", – деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу