Блок бекеттер қойылмайды

1091

Тек жолаушылар автобусының қызметі шектеледі. 

Блок бекеттер қойылмайды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордаға кіруге немесе қаладан шығуға шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Бұл сауалға жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қалалар арасына ешқандай блок бекеттер қойылмайтынын мәлімдеді. 

"Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блок бекеттер орнатылмайды", – деді ол. 

Бұл ретте Премьер-министрдің орынбасары тек  қалааралық жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайтынын атап өтті.

Құралай Құдайберген 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу