Блокпостта тұрған екі полицейді көлік қағып кетті

932

Көліктің рөлінде студент жігіт болған.

Блокпостта тұрған екі полицейді көлік қағып кетті

Түркістан облысындағы блокпостта тұрған екі полицейді бір студент қағып кетті. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған екі тәртіп сақшысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 10 мамыр күні Шымкент қаласына кіре берісте блокпостта орын алған.

"Ақтас" блок-бекетінде "ВАЗ-21014" автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларды қағып кеткен. Көлік тізгіндеген студент жігіт ұсталды. Ол Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда", делінген хабарламада. Ал, ауруханаға түскен екі полицейдің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп отыр. Қазіргі таңда оларға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әілеуметтік желілерде екі полицейді блокпостта қағып кеткені туралы бейнекөрініс жарияланған болатын. Оны түсірген тұрғындар бұл оқиғаның Шымкенттен шыға берістегі "Ақтас" елді мекенінің тұсында болғанын айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу