Блоктық бюджет жобасы қашан енгізіледі? – министр жауабы

322

Қазақстан блоктық бюджет тәсілін бірден енгізбейді.

Блоктық бюджет жобасы қашан енгізіледі? – министр жауабы Фото: "Бәйтерек" холдингі

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкіметте өткен баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Блок бюджет халықаралық тәжірибеде бар. Мәселен, Сингапурда қолданылып келеді. Жаңа Бюджет Кодексі дайындалып, Парламенттің қарауына енгізілген болатын. Бюджеттік саясат деген арнайы бағыт бар. Қаржы министрлігіндегі әріптестерімізбен осы мәселені талқылаған болатынбыз. Қазақстан – үлкен мемлекет. Әрбір өңір әртүрлі деңгейде дамып келеді. Сингапур шағын қала-мемлекет болғандықтан, блоктық бюджет тәсілін тиімді пайдаланып келеді. Біз енді мұны бірден енгізбейміз. Блоктық элементтер болады. Әрбір министрлікке өзінің бюджетінің ішінде еркіндік береміз. Бұл теория түрінде талқыланды, бірақ біз бұған келеміз", - деді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

Нұрлан Байбазаров блоктық бюджеттеу пилоттық жоба ретінде қай министрліктерде бірінші енгізілетінін нақты айтпады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу