Bloomberg: АҚШ Израильді Газадағы жер үсті операция жоспарын өзгертуге мәжбүр етті

446

ХАМАС тобын талқандау үшін құрылған жерүсті операциясы енді кешірек басталып, мерзімі ұзартылады. 

Bloomberg: АҚШ Израильді Газадағы жер үсті операция жоспарын өзгертуге мәжбүр етті Фото: Ronen Zvulun / Reuters

Израиль АҚШ-тың ықпалындағы Газа секторындағы жерүсті операциясын жүргізу жоспарларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

"Израильдің үш аға өкілі анонимді түрде АҚШ-тың ХАМАС-қа қарсы соғыстағы рөлі мен ықпалы бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейгенін атап өтті", - деп жазады басылым.

Израиль әскери қолбасшылығының Газа секторында жерүсті операциясын жүргізу мүмкіндігіне қатысты жоспарларының өзгергенін байқауға болады. Енді ол кейінірек басталып, ұзаққа созылуы мүмкін. Сонымен қатар, агенттіктің сұхбаттасушылары Газаның екі миллион бейбіт тұрғындарының арасында өлім санын азайту және операция аяқталғаннан кейін одан әрі әрекет ету мақсатында бірқатар түзетулер енгізілген болатын.

"АҚШ Израиль шапқыншылығы Иранның қолдауына ие (қозғалысына) "Хезболла"-ны да қақтығысқа тартады деп үрейленіп отыр. Ондай жағдайда соғыста екінші ұрыс алаңы пайда болып, оның аясы кеңеюі мүмкін, яғни АҚШ-тың қақтығысты тезірек шешу жоспарының күл талқаны шығады", - делінген басылымда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу