Bloomberg: ЕО ресейлік кәсіпкерлердің отбасыларына қарсы санкциялар туралы заң қабылдайды

664

Жақын арада ЕО елдеріне тиісті заңнама ұсынылатын болады.

Bloomberg: ЕО ресейлік кәсіпкерлердің отбасыларына қарсы санкциялар туралы заң қабылдайды Фото: media.slovoidilo.ua

Еуропалық Одақ санкциялар салынған ресейлік кәсіпкерлердің отбасы мүшелеріне қатысты шектеулер енгізу үшін заңнамалық базаны нақтылауға ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі ЕО елдеріне жақын арада тиісті заңнаманы ұсыну ниеті туралы хабарлады. Ұсыныста шектеулерге ұшыраған жеке тұлғаның отбасы мүшелеріне қатысты санкциялар енгізуді айқындайтын критерийлер мен құқықтық негіз айқындалатын болады.

Осылайша, Еуропалық Одақ шектеулерге ұшыраған кәсіпкердің отбасы мүшесінің "негізсіз пайда" көргенін немесе санкцияларды айналып өтуге көмектесуі мүмкін екенін көрсететін нақты дәлелдерге көбірек назар аударғысы келеді. 

Сонымен қатар, Еуропалық комиссия шектеулерді айналып өту жолдарымен күресу бойынша ұсыныстар жасамақ.

Бұған дейін Еуропа Одағы 10-шы санкция пакетін қабылдағанын жазған едік, қара тізімге 1500-ден астам адам мен ұйым кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу