Bloomberg: Қазақстан үкіметі миллиардтаған табысқа кенелген ірі мұнай компанияларына шағымданды

649

Сотта жеңіске жеткен жағдайда мемлекет өнімді бөлу туралы келісімге сәйкес кен орындарынан түсетін табыстың үлкен үлесін ала алады.

Bloomberg: Қазақстан үкіметі миллиардтаған табысқа кенелген ірі мұнай компанияларына шағымданды Фото: azattyq-ruhy.kz

Bloomberg хабарлауынша, екі ірі мұнай кен орны (Қарашығанақ және Қашаған) рұқсат етілмеген шығындар бойынша айыптауларға байланысты төрелік сотта үкіметтен талап арыз алған.

Оның ішінде Үкімет жобалар бойынша серіктестер Қашаған бойынша $13 млрд және Қарашығанақ бойынша $3,5 млрд мөлшерінде шығындарды шегермеуі тиіс деп мәлімдеді.

"Наурызда Үкімет Женева мен Стокгольмдегі Қашаған мен Қарашығанақ істерін қадағалау үшін төрешілерді тағайындады. Дереккөздердің айтуынша, компаниялар өз төрешілерін әлі тағайындаған жоқ", - деп түсіндірді басылым. 

Түскен арыз Қашаған үшін 2010 жылдан 2018 жылға дейінгі және Қарашығанақ үшін 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл істерге компаниялардың екі жобада да тендерлік рәсімдерді бұзғаны, сондай-ақ Қашағандағы мердігерлердің жұмысын толық көлемде орындамағаны туралы мәлімдемелер кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу