Bloomberg: Ресей мұнайдың жаңа эталонды түрін шығаруды жоспарлап отыр

522

Елдің негізгі министрліктері, мұнай өндірушілері мен Орталық банкі қазан айында ұлттық платформада мұнай саудасын бастамақ.

Bloomberg: Ресей мұнайдың жаңа эталонды түрін шығаруды жоспарлап отыр

Ресей мұнайдың жаңа эталонды түрін шығаруды жоспарлап отыр. Мәскеу Батыс елдерінің шикізаттың әлемдік нарықтағы сатылымынан түсетін кірісті шектеуіне қарсы осындай шара қабылдамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің дерегінше, Ресейдің негізгі министрліктері, мұнай өндірушілері мен Орталық банкі қазан айында ұлттық платформада мұнай саудасын бастамақ. Осы орайда Ресей шетелдік серіктестерді тартуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова G7 елдерінің ресейлік мұнай бағасының шегін бекіту шикізаттың қымбаттауына әкеліп соғады деп айтқан болатын. Ол мұндай жоспардың нарыққа қарсы бағытталып отырғанын мәлім етті. 

Ескере кететін жайт, биыл Ресейден Қытайға импортталатын шикі мұнай көлемі өткен жылмен салыстырғанда 55%-ға өсті. 2022 жылдың мамыр айында Ресейден Қытайға тасымалданған мұнай импортының жалпы көлемі 8,42 млн тонна болған еді. Үндістан да Ресей мұнайын импорттауды рекордтық деңгейге жеткізді. Маусым айында ресейлік мұнайдың Үндістанға импортталуы бір тәулікте 950 мың баррельге дейін артты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу