Bloomberg: Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді

574

Urals маркалы ресейлік мұнайдың бағасы Ленинград облысындағы Приморск жөнелту портында барреліне 51,96 долларға дейін төмендеді. 

Bloomberg: Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді Фото: focus.ua

Бұл туралы Bloomberg дүйсенбіде Argus Media компаниясының шикізат бағасының өзгеруін бақылайтын мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Осылайша, Ресей мұнайының бағасы ЕО қойғысы келген шекті бағадан - барреліне 60-70 доллардан да төмен көрсеткішке жеткен.

Bloomberg атап өткендей, ресейлік мұнайды әлемдік нарықтарға жеткізу көлемі өткен ай деңгейінде қалып отыр және жақын арада төмендейтін түрі жоқ.

5 желтоқсаннан бастап, яғни бір аптадан кейін Ресей мұнайын тасымалдауды сақтандыруға тыйым салатын Еуропалық Одақтың санкциялары күшіне енеді.

Бұл жаһандық мұнай нарығында шикізаттың жеткізілуінің айтарлықтай шектелуіне және дағдарысқа әкелуі мүмкін. Батыс мұндай нәтиженің алдын алу үшін РФ мұнайына шекті бағаны белгілеуді ұсынады, яғни оның бағасы сол сомадан аспайтын болса, ресейлік шикізатқа санкциялар қолданылмайды.

Баға шегін енгізуді жоспарлап отырған елдердің көпшілігі оның барреліне шамамен 60-70$ деңгейінде бекітуді жөн көреді, алайда Польша мен Балтық елдері оны барреліне 30-40$ деңгейіне дейін төмендетуді талап етеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу