Bloomberg: Ресейлік көмірдің Қытайға импортталуы биыл 30%-ға артады

722

7 сәуірде ЕО елдері Ресейге қарсы санкциялардың бесінші пакетін мақұлдады.

Bloomberg: Ресейлік көмірдің Қытайға импортталуы биыл 30%-ға артады

Morgan Stanley банкінің сарапшылары 2022 жылы Ресейден көмірдің Қытайға импортталуы 30%-ға артып, 71 млн тоннаға дейін өседі деп топшылап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, Қытайға бастапқыда Жапонияға жеткізуге арналған отын сатылуы мүмкін. Бірақ Ресей еуропалық нарыққа арналған газды Азияға бағыттамауы мүмкін деген пікірде олар.

Ресей бір түнде теміржол арқылы отын жеткізуді арттыра алмайтынына қарамастан, қосымша көмір Қытайдың Таншань портына теңіз арқылы жеткізіледі.

7 сәуірде ЕО елдері Ресейге қарсы санкциялардың бесінші пакетін мақұлдады. Шектеу жеке тұлғалар мен қаржы институттарына енгізілді. Сондай-ақ Ресей Федерациясынан көмір импорттауға және жоғары технологиялық тауарларды жеткізуге эмбарго жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу