Германияның BMW маркалы көлік шығарушысы Оңтүстік Кореядағы 66 мың көлігін пайдаланылған газ жүйесінің ақауы салдарынан кері қайтаруда. Бұл туралы Yonhap агенттігі-не сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.
"Германияның көлік шығарушысы (BMW) 26 қарашада 52 модельдегі 65 763 көлігін кері шақыруға кіріседі", - деп атап өтілген оңтүстіккореялық көлік министрлігінің мәлімдемесінде.
Бұған биылғы жылы бесінші сериялы BMW көліктері қозғалтқыштарының жанып кетуі басты себеп болған.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        