Boeing 737 MAX ұшағына қайтадан рұқсат берілуі мүмкін

903

Әуе көлігін қолдану биыл наурыз айында Эфиопиядағы ұшақ апатынан кейін тоқтатылған. 

Boeing 737 MAX ұшағына қайтадан рұқсат берілуі мүмкін

Боинг 737 MAX  жолаушылар ұшағы келесі айдың соңынан бастап қайта пайдаланыла бастауы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы хабарлады, деп жазады 24.kz.

Әуе көлігін қолдану биыл наурыз айында Эфиопиядағы ұшақ апатынан кейін тоқтатылған. Себебі оның бағдарламалық жүйесінен туындаған жағдай өткен жылғы Индонезиядағы апатқа ұқсайтындығы анықталды. Қазір компания ең қажетті жаз маусымына дейін ұшақтағы ақауды айырбастап үлгеруді көздеп отыр. Бірақ сарапышалар Боинг 737 Макс қайта қолданысқа енгізілгенмен компания көп шығынға ұшырайтынын айтады. Себебі адамдар бұл әуе көлігімен ұшудан бас тартып, ал өзге бірлестіктер келген шығын үшін өтемақы талап етуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу