Boeing Қазақстанда тренажерлік және техникалық орталықтарды орналастырмақшы

714

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Boeing компаниясының вице-президенті Монте Фрейзермен кездесу өткізді. Кездесуде Boeing 737 MAX және 787 Dreamliner әуе кемелерін Air Astana және SCAT әуе компанияларына жеткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.    

Boeing Қазақстанда тренажерлік және техникалық орталықтарды  орналастырмақшы

Екі тарап Boeing компаниясының АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) Ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалауынан (IASA) жедел өту үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне өтеусіз техникалық көмек беру және ҚР мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті іске қосу үшін CAT1 мәртебесін алу туралы уағдаласты.

Кейін Т. Ластаев пен М. Фрейзер ҚР мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ Қазақстанда Boeing компаниясының жаттығу және техникалық орталықтарын орналастыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді талқылады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде биыл мамыр айының үшінші онкүндігінде Boeing мамандары Нұр-Сұлтан қаласына келеді. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар Қазақстанда азаматтық авиация саласындағы жас таланттарға арналған Boeing компаниясының арнайы оқыту бағдарламасын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу