Boeing компаниясы 2020 жылдың қаңтарынан бастап 737 Max өндірісін тоқтатпақ

932

2019 жылдың наурыз айында екі әуе апатынан кейін Boeing 737 MAX рейстері әлем бойынша тоқтатылды.  

Boeing компаниясы 2020 жылдың қаңтарынан бастап 737 Max өндірісін тоқтатпақ

Boeing компаниясы 737 Max ұшағын өндіруді 2020 жылдың қаңтарынан бастап тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, делінген сейсенбіде компанияның сайтында жарияланған хабарламада.  

"Пайдаланудың барлық кезеңінде 737 MAX Boeing жаңа ұшақтарды шығарды, қазіргі уақытта оның қоймасында 400-ге жуық ұшақ бар. (...) Қазіргі бағалау нәтижесінде біз сақталған ұшақтарды жеткізуді бірінші орынға қоюды және 737 бағдарламасы бойынша өндірісті келесі айдан бастап уақытша тоқтата тұруды шештік", - делінген хабарламада.

Бұл шешім бірқатар факторларға соның ішінде 737 Max-ты сертификаттау мерзімін 2020 жылға дейін ұзартуға байланысты қабылданды. 

"737 Max көлігін қызметке қауіпсіз қайтару біздің басты міндетіміз", - делінген хабарламада.

 "Біздің реттеушілеріміз, тапсырыс берушілеріміз және ұшатын жұртшылық 737 Max (...) жаңартуларына сенімді болу үшін 737 Max-ті қайтаруға келісу және жаттығудың тиісті талаптарын анықтау процесіне өте мұқият және сенімді болуымыз керек.Бұл процесті қолдауға толықтай дайынбыз", - делінген хабарламада.

Өткен аптаға дейін Boeing осы жылдың соңына дейін ұшақтарға сертификат алуға үміттенген болатын. Бірақ Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) басшысы Стивен Диксон сертификаттау процесі 2019 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін емес екенін айтты.

2019 жылдың наурыз айында екі әуе апатынан кейін Boeing 737 MAX рейстері әлем бойынша тоқтатылды. Наурызда Ethiopian Airlines әуе компаниясының  осы үлгідегі ұшағының апатқа ұшырауынан 157 адам қаза тапты. 2018 жылдың қазан айында 189 адам индонезиялық Lion Air компаниясының 737 MAX апатының құрбаны болды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу