Boeing компаниясы ұшқышсыз әуе таксиін сынақтан өткізді

925

Әуетакси электр қуатымен жұмыс істейді.

Boeing компаниясы ұшқышсыз әуе таксиін сынақтан өткізді

Америкалық Boeing компаниясы ұшқышсыз әуе таксиін сынақтан өткізді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бейнежазба компанияның Twitter-парақшасында жарияланды. Сынақ барысында аппарат жерден еш кедергісіз көтеріліп, сәтті қонған.

Әуетакси электр қуатымен жұмыс істейді және оның автономиялық ұшу қашықтығы 80 шақырымға дейін жетеді. Ұзындығы – 9 метр, ал ені – 8,5 метр. Техникалық аппараттың басқа сиппатамалары туралы мәлімет жоқ әзірге.

Компания әлі де сынақты жалғыстырып, таксидің ұшу қауіпсіздігі мен тікелей ұшу режимін жетілдіруді көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу