Соңғы үлгідегі 737 Max атты ұшағы бірнеше мәрте апатқа ұшыраған соң, берекесі кеткен "Боинг" жетекшісі қызметімен қоштасты. Оның орнына корпорацияның директорлар кеңесін басқарған Дэвид Кэлхун келді, деп хабарлайды Atameken Business.
Келесі жылдың 13 қаңтарынан бастап іске кірісетін оған өндірісті жолға қою оңай соқпайтыны анық. Себебі, басты бәсекелесі болып саналатын "Эйрбасқа" әлемдік нарықта сұраныс жоғары. Француз өніміне Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінен мол тапсырыс берілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу