Boeing-тің пилотсыз ұшу құралы сынақтан өтті

992

Әскерилер жаңа аппаратты құтқару жұмыстарында және ұшу қашықтығын арттыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр.

Boeing-тің пилотсыз ұшу құралы сынақтан өтті

Ұшақ құрастыру саласындағы ірі алпауыт компания Boeing өзінің пилотсыз жанармай жеткізуші MQ-25 ұшу құралын алғашқы рет көкке көтерді, деп хабарлайды Atameken Business.

Boeing-тің пилотсыз құрылғысы  930 километрге дейінгі қашықтыққа ұшып, төрт немесе  алтыға жуық  әскери ұшақты жанармаймен қамтуға қауқарлы.

Алғашқы сынақ барысында MQ-25 көкте екі сағатқа жуық уақыт өткізіп, осы уақыт аралығында бірнеше маневрлерді орындап, алдын-ала белгіленген бағыт бойынша ұшып өтті. Осы уақытта жүйенің жұмысын Boeing инженерлері жердегі станциядан бақылап отырды.

Келісімшарт шарттарына сәйкес авиаконцерн 2020 жылдың соңына дейін төрт ұшу аппаратын құрастырып шығуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу