Богатырь көмір кенішінде көмір өндіруді 50 миллион тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Энергия өндіруші және өнеркәсіп кәсіпорындарының, бюджеттік ұйымдардың және халықтың көмір өніміне қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында көмір химиясына кезең-кезеңімен көшумен көмір өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыруға жұмыс жасалуда.
Жақын уақытта, Богатырь көмір кенішінде циклдік-ағындық технологияның іске қосылуы күтілуде. Бұл 42 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін көмір өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді", – делінген министрліктің хабарламасында.
Соңғы бес жылдағы көмір экспортын талдау процесі экспорттық әлеуеттің озық екенін көрсетеді.
"Өндірілген көмірдің жалпы көлеміндегі көмір экспортының үлесі 26-28% құрайды. Соңғы бес жылдағы көмір экспортын талдау экспорттық әлеуеттің прогрессивті сипатқа ие екендігін көрсетеді.
ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге (1,3 млн.тоннадан 8,5 млн. тоннаға дейін) ұлғайды", – деп түсіндірді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде.
Ең алдымен, бұл – Еуропалық Одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысының артуына қатысты. Осылайша, отандық жер қойнауын қолданушылардың экспорттық әлеуеті сұранысқа сай арта түсетін болады.