"Богатырь Көмір" компаниясы 777 млн теңге салық төлемегені анықталды

90

Компания 15% орнына 5% мөлшеріндегі салық мөлшерлемесін қолданған. 

"Богатырь Көмір" компаниясы 777 млн теңге салық төлемегені анықталды Фото: www.bogatyr.kz

Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде "Богатырь Көмір" ЖШС корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде заңбұзушылыққа жол берген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл дерек бойынша кәсіпорынға 777 миллион теңге қосымша салық төлеу туралы хабарлама жолданған. Алайда серіктестік бұл шешіммен келіспей, салық органдарының әрекетіне қатысты әкімшілік сотқа жүгінген. Сот алғашқы сатыда компанияның талап-арызын қанағаттандырып, хабарламаның күшін жойған.

Алайда облыстық прокуратура апелляциялық шағым түсіріп, нәтижесінде Павлодар облыстық соты салық органдарының талабын заңды деп таныды.

Прокуратураның мәлімдеуінше, сот шешімі әзірге заңды күшіне енбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу