Әлем чемпионаты: қазақ боксшыларының кешкі жарыс кестесі

1888

Шаршы алаңға Қайрат Ералиев (57 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін), Бекзат Нұрдаулетов (81 келіге дейін) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шығады.

Әлем чемпионаты: қазақ боксшыларының кешкі жарыс кестесі

Бүгін, Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатында турнирдің тоғызыншы күніндегі жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кешкі сессия 20:00-де басталады, онда қазіргі әлем чемпионы Қайрат Ералиев (57 келіге дейін) бірінші болып рингке шығады. Ширек финалға шығу үшін 2017 жылғы жалғыз әлем чемпионы В рингінде тайландтық Чатчай Бутдимен күш сынасады.

21:45-те А рингінде 69 келіге дейінгі Абылайхан Жүсіпов германиялық Ник Бирге қарсы жекпе-жек өткізеді. Ал 22:30-да Бекзат Нұрдаулетов (81 келіге дейін) бразилиялық Кено Мачадоға қарсы бокстасады.

Бұл күнгі жекпе-жек 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевпен аяқталады. Ол өзінің алғашқы матчын 2019 жылғы әлем чемпионатында испандық боксшы Аюб Гадфамен өткізеді.

Бокстарды АИБА-ның Ютуб арнасынан тікелей көрсетіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу