Бокс федерациясы басшылығы ұлттық құраманың бас бапкерін таныстырды

790

 Ұлттық құраманың алғашқы жаттығу жиыны қаңтар айында өтеді. Команданың халықаралық жарыстарға қатысу кестесінде өзгеріс жоқ. 

Бокс федерациясы басшылығы ұлттық құраманың бас бапкерін таныстырды

Бокс федерациясының басшылығы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған турнир аясында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаевты көпшілік алдында таныстырды, деп хабарлайды olympic.kz.

"Бірінші кезекте Мырзағали Айтжановқа алғыс айтқым келеді. Ол қолынан келгенше қызмет етті. Оның тәжірибесі бізге әлі де керек болары сөзсіз. Алайда, бокс әлемінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Кенжебаевты тағайындау арқылы дұрыс шешім қабылдадық деп ойлаймын", – деді Қазақстан бокс федерациясының бапкерлермен жұмыс жөніндегі вице-президенті Юрий Цхай. 

"Олимпиадаға дейін азғантай уақыт қалды. Ол біздің команданы Токиоға үлкен сеніммен апаратынына сенім зор. Боксшылардың қатысу-қатыспауы әлі белгісіз екенін білесіздер. Маусымға дейін бір шешім қабылданатыны анық. Біз өз дәрежеміздің биіктігі мен шеберліктің арқасында жеңіске жетуіміз керек. Жарқырап көзге түсетін боксшыларды дайындауымыз керек. Бес-алтауы болмаса да, біреуі өткір болуға тиіс", – деді вице-президент. 

Айта кетелік, Ғалымбек Кенжебаев Грекияда өткен халықаралық турнирден бес алтынмен оралған еді. 

Жоспар бойынша, ұлттық құраманың алғашқы жаттығу жиыны қаңтар айында өтеді. Команданың халықаралық жарыстарға қатысу кестесінде өзгеріс жоқ. Бірақ бас бапкер кейбір мәселелердің әлі де қаралатынын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу