Қазақстан бокс федерациясының инстаграм парақшасында ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, аға жаттықтырушы Марат Жәкиевтің және басқа да жаттықтырушылардың қызметінен кеткені жайлы ақпарат жарияланып, қайта алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Парижге толық құраммен жеті боксшы апарып, тек бір күміс медаль иеленген еді. Бұл нәтиже жайлы Айтжанов Парижде "ең нашар нәтиже" деген.
Бұған қоса ол "біздің жұмысымызға қатысты шешімді басшылық қабылдайды" деп айтқан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу