Бокс, қазіргі бессайыс пен ауыр атлетика 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

960

ХОК президенті, 2028 жылғы жазғы Олимпиада, спорт түрі,

Бокс, қазіргі бессайыс пен ауыр атлетика 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындар бағдарламасына енетін спорт түрлерін жариялады. Олардың қатарында бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

"ХОК атқарушы комитеті бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыстың өтінішін қабылдау немесе кері қайтару туралы ойланатын болады. АІВА қаржылық ашықтық бойынша жұмыстың жақсарғанын көрсетуге тиіс. Сондай-ақ төрешілерді тағайындауды дұрыс жолға қоюы керек. IWF допингпен күрес жөніндегі ұсыныстарды толық орындап, допингке қарсы бағдарламаның толық тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Ал UIPM атпен жарысуды алмастыратын жаңа бағдарламаны дайындап шығуы қажет", – деді Бах. 

Бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайысты Олимпиада бағдарламасында сақтау мәселесі ХОК-тің 2023 жылғы сессиясында қаралады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу