Париж Олимпиадасы аяқталғанымен, елімізде спорттың басы-қасындағы дау әлі басылар емес. Өйткені, бокс құрамасы екі Олимпиада қатарынан алтын медальға қол жеткізе алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Еліміз әсіресе, бокстан мықты десек те, соңғы жылдары нәтиже төмен. Бұған жанкүйерлер тарапынан да сын көп айтылып жатыр. Бастапқыда фейк болған ақпарат, бүгін шынға айналып, еліміздің бокс федерациясы мәлімдеме жасады. Енді бокстан құраманың экс-бас бапкері Мырзағали Айтжановтың орнын кім басады?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу