Бокс: Венгриядағы турнирден жалғыз жүлде бұйырды

1056

Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Боскайды еске алуға арналған кезекті халықаралық турнир аяқталды.

Бокс: Венгриядағы турнирден жалғыз жүлде бұйырды

Аталған сынға қатысқан Қазақстан командасының еншісінде бір медаль бар, деп хабарлайды inbusiness.kz Olympic.kz-ке сілтемемен. 

57 келіде жұдырықтасқан Назым Ищанова жартылай финалда венгриялық боксшыға 2:3 есебімен жол берді. Осылайша, халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Дебрецен шаршы алаңына шыққан өзге қазақстандық боксшылар жүлдеге жақындай алған жоқ. 

 

Айта кетелік, бұл бокстан Қазақстан әйелдер командасының жаңа маусымда бақ сынаған екінші ірі жарысы. Бұған дейін Ерік Алғабек шәкірттері Сербиядағы сында өнер көрсеткен болатын. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу