Қойылымда Бекзаттың дүниеге келуінен бастап, оның чемпион атағын алған сәтке дейінгі ғұмыры баяндалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сахнадағы спортшының болмысы жас жеткіншектерді қайсарлыққа, өжеттілікке, батылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Спектальден оның бойындағы арманға деген адалдық, мақсатқа жету жолындағы қажырлы еңбек пен елі мен жеріне деген сүйіспеншілік насихатталды. Қысқа ғана ғұмырында 143 жекпе-жек өткізген Бекзаттың спорттағы шеберлігі көрермен назарына ерекше форматта ұсынылды. Премьераны тамашалуға келгендердің ішінде марқұм Бекзаттың анасы да бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу