Боксшы Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионы атанды

456

Отандасымыз қарсыласын нокаутпен жеңіп, алтын медаль алды.

Боксшы Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионы атанды Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Бексұлтан Қайратұлы 2023 жылы Астанада өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалында үндістандық Хемант Сангванмен жұдырықтасты, деп жазды ҚазАқпарат.

Ауыр салмақта (80 келіден жоғары) алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте Қайратұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Sports.kz сайтының мәліметінше, екінші раундтың соңында қазақстандық қарсыласын оң жақ тікелей соққысымен канвасқа жіберді. Нокдаун санағаннан кейін Сангван жекпе-жекті жалғастырды. Бірақ бірнеше секундтан кейін ол екінші нокдаун алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша Бексұлтан Қайратұлы алтын медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу