Қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3 КО) қарсыласы ауысты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қамшыбек Қоңқабаев Оңтүстік Африка боксшысы Джонни Мюллермен (23-9-2, 14 КО) жұдырықтасуы керек болған. Алайда қарсыласының жарақат алуына байланысты қазақ боксшысы енді 29 жастағы өзбекстандық Фаррух Джураевпен (6-5-1, 2 КО) жұдырықтасады.
MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының мәліметінше, кездесу Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Қазақ боксшысы бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold титулын қорғайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу