Париж Олимпиадасында 63,5 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына ауылдастары ат мінгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ағасы достарының інісіне ат мінгізгенін айтқан. Бір топ азамат спортшыны қолдап, алар асуы алда екеніне сенім білдірді.
"Ассаламағалейкум! Жеңісте де, жеңілісте де, әр қашанда қолдап жүрген достарыма үлкен рақмет! Ініміздің еңбегін бағалып, ат мінгізді! Құдай қаласа бұл тек бастамасы! Алға", - деп жазды спортшының ағасы Эмиль Оморов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу