Боксшы Назым Қызайбай қайырымдылық жасап, 40 баланы қуантты

2451

Спортшы жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы отбасыларға көмектесті.  

Боксшы Назым Қызайбай қайырымдылық жасап, 40 баланы қуантты Фото: instagram/nazym_kyzaibay09

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram парақшасында көпшілікті қуантқан ізгі ісі туралы жаңалықпен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Назым әлеуметтік желі арқылы биыл 1-сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан байланыс нөмірлерін сұраған болатын.

– Жаттығудан кейін өзіме тәнті болып келе жатырмын. Минус 2 миллион, 40 бақытты бала + күлімдеген көпбалалы ата-аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді", – деп жазды боксшы әлеуметтік желіге.

Бұл жазбадан белгілі болғандай, Назым Қызайбай жаңа оқу жылы қарсаңында 40 баланың мектепке дайындығына демеушілік жасап, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, өзгелерді де игі іс жасауға үндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу