Боксшы Сағындық Тоғамбай "Ұлы Жібек жолы" турнирінің финалына шықты

331

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінде ел құрамасынан Сағындық Тоғамбай (92 келі) алғашқы болып финалға шықты.    

Боксшы Сағындық Тоғамбай "Ұлы Жібек жолы" турнирінің финалына шықты Фото: olympic.kz

Қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалда ресейлік Рамазан Ханалиевпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды inbusiness.kz olimpyc.kz cайтына сілтеме жасап.

С.Тоғамбай үш раундта қарқынды ойын көрсетті. Ал үшінші раундта қарсыластар ашық айқасқа шықты.Төрешілердің бірауыздан шешімімен Сағындық жеңімпаз деп танылып, финалға жолдама алды.

Оның финалдағы ендігі қарсыласы - әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері кубалық Альфонсо Лорен Домингес. Бұл боксшы бүгінде Әзербайжан елінің атынан сынға түсіп жүр.

Айта кетейік, бүгін ел құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шықты. Ширек финалда Бақтияр Смағұлов (67 келі), жартылай финалда Бекзат Таңатар (86 келі) қарсыластарына есе жіберді.

Енді ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсебай 71 (келі) сынға түседі.

Бұдан өзге Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын ерте аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу