Бүгін Софияда бокстан "Странджа-2021" халықаралық бокс бәсекесі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Саматәлі Төлтаев жарысты жеңіспен бастады.
Алғашқы айналымда ол түркиялық Айкөл Мизамды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетерлігі, аталған халықаралық дода 27 ақпанға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу