Сербия астанасында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды.
48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Теміртас Жүсіповтың еншісіне шешілді. Осылайша, Теміртас биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.
Айта кетерлігі, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу