Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сенат кулуарында журналистер кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың ісін тоқтатудың заңдылығы қандай деп сұрады.
"Мен мағлұматты өздеріңіз сияқты кеше ғана Телеграм арнадан оқыдым. Бірақ бұл іске қатысты менде мәлімет жоқ. Қажет болған жағдайда мұнда баспасөз өкілі бар. Сұрақтарыңызды жолдасаңыздар, жауап береді", – деп қысқа қайырды Ғалымжан Қойгелдиев.
Айта кету керек, осыған дейін Жанқош Тұрарға қатысты атышулы қылмыстық іс тоқтатылғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу