Боксшы жекпе-жектегі нокаутттан кейін көз жұмды

175

Ол самай жағынан ауыр соққы алған. 

Боксшы жекпе-жектегі нокаутттан кейін көз жұмды Фото: sportbox

Англиялық боксшы Шериф Лаваль кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегінен кейін көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Daily Mail мәліметінше, Лондонда өткен бокс кешінде кәсіпқойда бірінші рет жұдырықтасқан 29 жастағы Шериф есінен танып қалады. Отандасы Малам Варемен кездесудің төртінші раундында ол самайынан ауыр соққы алған екен. 

Дәрігерлер Лавальға жедел көмек жасайды, алайда боксшы ауруханаға жеткізгенше көз жұмыпты. 

Лаваль бокспен 2018 жылдан бастап шұғылданған, ал биыл кәсіпқой боксқа өтуді ұйғарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу