Боксшылар Токио Олимпидасына толық құраммен қатыспайды

1098

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Токио Олимпидасына қатысатын спортшылардың саны Рио Олимпиадасына қатысқан спортшылармен салыстырғанда 33 адамға аз екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

  Боксшылар Токио Олимпидасына толық құраммен қатыспайды

"Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың саны Риодағы ойындарға қарағанда 10%-ға кем. Қысқарту іріктеудің барлық кезеңінде жүрді. Бұл шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті қабылдады. Қазақстан Токио Олимпиадасына 96 лицензия ұтып алды. Бұл Рио Олимпиадасымен салыстырғандда 33 спортшыға аз көрсеткіш", – деді Андрей Крюков.

Ұлттық Олимпиада комитеті бас хатшысының сөзінше, лицензия саны аз болғанымен ұлттық құраманың медальға таласатын спорт түрі көбейген.

"Мысалы, Риода ауыр атлетикадан 8 спортшы қатысса, Токиода 2 адам өнер көрсетеді. Квота саны шектеулі болғандықтан, ауыр атлеттердің санын көбейту мүмкін болмады.  Риода ұлттық құрамадағы былғары қолғап шеберлері толық құраммен өнер көрсетті. Биыл іріктеу турниріндегі қысқартуға байланысты лицензия саны аз болып тұр. Атыс, ескек есу сияқты спорт түрлерінде де қысқарту болды. Бұл өзгеріс бізге ғана емес, әлем елдеріне әсер етті. Сондықтан абсолютті санға байланып қалудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әлемдік спорттағы жағдайға қарау керек. Кәсіби маман ретінде сайысқа баратын ұлттық құрама командасы өте мықты деп толық сеніммен айта аламын", – деді Андрей Крюков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу