Қазақстандық боксшылар аталған жарыста алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ел құрамасына алтын жүлдені 91 келіде жұдырықтасқан Тоғамбай Сағындық әкелді. Қайрат Ералиев (57 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрлан Сапарбай (91 келіден жоғары) күміске қол жеткізді. Ал Ділмұрат Мижитов (63 келі) пен Бек Нұрмағанбет (81 келі) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Аталған додада Қазақстанмен қатар, Финляндия, Өзбекстан, Швеуия, Франция, Ресей, Украина, Армения, Германия, Моңғолия, Ауғаныстан, Уэльс, Нидерланды, Сербия, Эстония және Литвия боксшылары қолғап түйістірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу