Қазақстан құрамасының боксшылары Әзірбайжанның Баку қаласына аттанды. Бакуде 12 мамыр күні 57 елдің қатысуымен Ислам ойындары басталады.
Исламиадаға Қазақстанның атынан 7 боксшы барады:
52 кг дейін — Азат Махметов;
56 кг дейін — Нұрбол Қалжанов;
60 кг дейін — Сұлтан Зәуірбек;
64 кг дейін — Қуан Қуатов;
69 кг дейін — Илья Очкин;
75 кг дейін — Тұрсынбай Құлахмет;
91 кг жоғары — Нұрлан Сапарбай.
Финалдық жекпе-жектер 18 және 19 мамырда өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу