Бұл туралы АІВА мен Түркия бокс федерациясы арасындағы келісім кезінде белгілі болды. Әлемдік дода желтоқсан айының басына жоспарланып отыр.
Турнир тарихында алғаш рет жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ірі көлемде сыйақы берілмек.
Атап айтар болсақ, әлем чемпионатының жүлде қоры 2,6 миллион долларды құрап отыр.
Еске сала кетейік, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербияда өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу