Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты Нью-Дели қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚР бокс федерациясы баспасөз қызметі.
Үндістан Республикасындағы дүниежүзілік дода 13 мен 25 қараша аралығына жоспарланған.
Ең алғаш рет бокстан әйелдер арасындағы Әлем біріншілігі 2001 жылы АҚШ-тың Скрэнтон қаласында өткен болатын. Ал биыл байрақты бәсеке оныншы мәрте жалауын көтереді.
Осыған дейін нәзік жандар арасындағы дүниежүзілік жарыстардың көбі Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінде өтті. Атап айтсақ, Циньхуандаода (Қытай), Чеджуде (Оңтүстік Корея), 2016 жылы Астанада ұйымдастырылды. Үнді елі болса бұл сайысты осымен екінші рет қабылдап отыр (бірінші рет 2006 жылы дәл осы Нью-Делиде болды).