Жарыстың екінші күнінде, бүгін шаршы алаңға 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан намысын бұл салмақта Дариға Шәкімова қорғайды. Оның алғашқы қарсыласы чехиялық Мартина Щморанзова болмақ. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетсек, 3 қазан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Оған Қазақстаннан 10 спортшы қатысып жатыр. Аталған әлем біріншілігі 13 қазанға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу